Тұтқын жігіт
Жау қолына түсті жігіт,
Өнерлі де күшті жігіт.
Арқасына нән дойырдан
Таңба түскен үш тілініп.
Білмеуші еді бас пайданы,
Жанбады оның жастай бағы.
Жаулары оған кісен салып,
Мойнына ауыр тас байлады.
Жарты әлемнің ғұламасы –
Дарға асулы тұр ағасы.
Көз алдында өзі салған,
Жатты өртеніп мұнарасы.
Хан мінді де қаһарына:
«Даңқ қосар атағыма,
Әлем білген бұл шеберді,
Жеткізіңдер шаһарыма!»
Деп бұйырып жүре берді,
Жігіт тағы дүреленді.
Қарқылдасты көп нөкерлер,
«Қайдан алдың бұл өнерді?
- Қайтып мұнда келесің бе?
-Амалың жоқ ересің де.
Тіліп түсер өз жоныңды
Дойыр өріп бересің бе?
Деді бірі: «Бұл немені
Сорсын зындан бүргелері».
Жарақатын ауырсынып
Жігіт бірақ үндемеді.
Айлар, күндер өтті жылжып,
Шебер жігіт кетті жүнжіп.
Келе жатыр ол айдалып,
Мойнын ысып, жепті қыл жіп.
Нан пісетін от – деміне,
Азап шегіп бектері де.
Сегіз айда әлсіреген
Хан әскері жетті еліне.
Хан жинатып бар халықты,
Бар даусымен жар салыпты:
«Талай елді талқандаймын,
Болса – дағы қанша мықты!
Ақындардан өлең қалды,
Депті олар да өнер мәңгі.
Бір сөз айтам барлығыңа
Әкеліңдер шеберді әлгі.
Тұтқын жігіт – бас шеберім
Боласың сен әсте менің.
Бас бостандық бермесем де,
Тегін тамақ, ас беремін.
Айтқанымды істе менің,
Болар алда ішпегенің.
Зәулім сарай тұрғызып бер,
Сан мың адам күш беремін».
Жыбырлап хан қас – қабағы:
«Берем жайлы баспананы,-
Деді жайлап, - Бүгін дем ал,
Ертең жұмыс басталады!»
Ойланды да білек түріп,
(О, бұл неткен жүректілік!)
Кірісті іске тұтқын жігіт,
Әр қимылын жыр етті жұрт.
Ғимарат тез биіктеді,
(Күн де тұрды күйіп, тегі).
Хан: «Жинасам сарайыма
Кетсін халқым сыйып», - деді.
Жігіт жүрді санап күнді,
Қол сарайды қамап тұрды.
Қабырғаға ол алтынды
Хан көзінше жалаттырды.
Әшекейлеп, сәнді қылып,
Ою - өрнек салды жігіт.
Түу биікке қараймын деп,
Қалды бірде хан жығылып.
Шындығында бұл кездері
Күнді сүйіп күмбездері,
Биік сарай созып мойын,
Қызықтырып тұрды өзгені.
Бұл шебердің соры ма еді,
Әлі қанша өріледі?
Сарай таңда, түсте, кеште
Әр түсті боп көрінеді.
Жұмыс бітті бір күндері,
Хан жүрегі дүрсілдеді.
Бірақ жігіт көңілді емес,
Қалыпты тек құр сүлдері.
Ханға сарай қатты ұнады,
Жарылуға шақ тұр, әне.
Тұңғыш рет бөркін алып,
Аспандата лақтырады.
Әкеткендей мұңды өзімен,
Секіргендей күн көзінен.
Шебер жігіт сол сарайдың
Құлап өлді күмбезінен.
Басын жұтқан сан айлардың,
Соңында оның сарай қалды.
Тұтқын салған әшекейлер
Күн нұрымен арайланды.
Жұрт ғалымнан сұрады енді:
«Жігіт неге құлап өлді?»
Сырын ашты ол, әшекейлер
Жазу болып шыға келді:
«Сүйем ән – күй, жырды ғана,
Көкейімде құмды дала.
Күндер өтер, күмбездегі
Оқыр сөзді бір ғұлама.
Қош бол, туған жерім менің,
Алдым ханнан елім кегін.
Өнер биік әрқашан да,
Ендеше мен төріңдемін!
Болғаннан соң алдым тұйық
Құсадан мен жандым күйіп.
Туған жерді көру үшін,
Бұл сарайды салдым биік!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі