Махаббатым өзімде

Бұл бетте «Махаббатым өзімде» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 10
  • 48892
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дел мынадай күйге мүлде.
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
(Оны мен жоғалтып та алғандаймын...)
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.
Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен от іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана-жана басылғамын.


Пікірлер (10)

Ақерке

Мұқағали атамыздың өлеңдері бірі бірінен өткен тема ғо маған жаман катты ұнайд

Мадина

Өте тамаша өлең керемет!

Саят

Олендерин аитып романтик боласынго

жандос

Йя келісем

Досбол

Өте керемет

Ақниет

өте кремет!

Аружан

Өте жақсы керемет екен

Төлеубек

Нағвз махаббатына,сүйгеніне жетпеген,ғашық дертін осылай жеткізеді

Бека

Прикол мен жаттадым

Дариға

«Махаббатым өзімде» атты өлең жүректі терең тебірентетін туынды болды. ❤️ Мұқағали Мақатаевтың махаббат, бозбала сезімі мен жастық шақтың алауы секілді оты ашық әрі шынайы тілмен ауырмай жеткізілген.
Өлеңде сүйген жанға деген арман, жылулық пен жан қиналысы қосылып, оқырманға нағыз махаббаттың мәнін ой салады. Әсіресе «Ақ қаздар арасынан аққуымды ажырата білмегенсіңдеймін» деген жолдар жүрекке жайлы ойлар тудырып, сезімнің қаншалықты нәзік екенін көрсетеді.
Осындай қазақ поэзиясының классикалық үлгісі махаббат туралы терең философиялық ойлармен оқырманға әсер етіп, қазақ әдебиетінің байлықтарын тағы да бір дәлелдейді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббатым өзімде өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Махаббатым өзімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббатым өзімде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббатым өзімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері