Жерде емес – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жерде емес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Жерде емес,
Аспанда емес,
Ғайыптасың,
Бiлемiн сенсiз дертiм айықпасын.
Айналып елесiңе тым болмаса
Жанымда жарым түнде Ай ұйықтасын.
Басылсын мауқым бiр сəт Айды құшып,
Қашанғы зар қағамын қайғыны iшiп?
Азабы ақыреттiң аз болғандай,
He таптық бұл фəниден айрылысып?
Сүйемiн,
Сүйе берем,
Сүйiп келгем...
Төбесi көкке кiмнiң тиiп көрген?..
Кеттiң бе Барсакелмес аралына
Жосылып құба жонда киiктермен?
Тағдырым кiмге таңсық жылап-күлген?
Жайымды қай пiрəдар сұрап бiлген?
Айрылып ақыл-естен ғазиз басым,
Жалғанда жалғыз сенi ұнаттым мен.
Ай тұяқ, алтын жамбы киiгiм ең,
Үркiнiп қайда кеттiң үйiрiңнен?
Жазылған пешенеме Перiштем-ау,
Түссеңшi жерге таман биiгiңнен?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жерде емес өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жерде емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жерде емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жерде емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері