Қарашекпен әм жылан

Бұл бетте «Қарашекпен әм жылан» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1139
Болды дос жылан менен қарашекпен
Жүргіншіден айналдырып азды-көпте
Мужиктің іш-баурына кіріп алды,
Ақылды бір өнерпаз залым екен.
Аузынан сөз сөйлесе түспейді еш кез,
Таң қалып жүрді адам бұны естіген.
Ал, енді, асылына біз қарайық,
Бар ма екен бұдан пайда мужик еткен.
Елде дос бірге туған жақын адам,
Емшектес аға, іні жақсы-жаман
— Есігін сол мужиктің бір ашпады,
Жыланмен дос болғалы басып қадам.
Елдегі тамыр, таныс құдандалы,
Бетпе-бет ренжісті жұрттың бәрі,
Маңынан бес шақырым қашып жүрді,
Мужиктің қарасынан жас пен кәрі,
Жолыққан бір досына сонда мужик,
Өкпе айтып тұрды біраз боғын езіп,
Қалып ед қай уақытта көңілдерің,
Көрместей осыншама менен безіп,
Келгенде жанымды аяп қалушы ма ем,
Осы күн тұрмын сізден күдер үзіп.
Былтырдан есігімді бір ашпадың,
Тұрмысың соны да өзің жөн екен деп.
Қалушы ем қуанып-ақ келген шақта,
От жағып қатын да қазандыққа,
Үйдегі бар дәмімді аяушы ма ем,
Не себеп келмеуің, досым, ісің ақ па?
— Дұрыс-ақ, сөйле,— деді сонда досы,
Өсуші еді көрген сайын көңіл хошы,
Адамы төңіректің аз келді ме,
Неге алдың дос қылып сен жыланды осы.
Жері жоқ көңіл қалған сізге жаным,
Бос сөйлеп кетірмейік сөз ажарын,
Шынында зәреміз жоқ, біз қорқамыз
Үйіңде шаға ма деп сұр жыланың.
Бұл сөзден үлгі алсақ теріс болмас,
Адам мен адам жауы болмас жолдас,
Кетсең, де су түбіне көзін салып
Жан ашып жан досың да бір бұрылмас.
Халыққа жақсы болған, келсе, құрбың
Естимісің, сізге айтқан осы сырым.
Адамда жақын жүрер доспен таныс,
Сайлап ал даналардан күні бұрын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашекпен әм жылан өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Қарашекпен әм жылан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашекпен әм жылан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Спандияр Көбеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарашекпен әм жылан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері