Жүрегім аяулым
Бұл бетте «Жүрегім аяулым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.08.2024
- 0
- 0
- 1627
Жүрегім, күнімсің сен, айымсың сен,
Жанымды жейтін кейде уайымсың сен.
Көргенде сұлулықты, құдай тұтып,
Құлшылық қылуға да дайынсың сен.
Қайырмасы:
Жүрегім жалынбысың, алаумысың?!
Әйтеуір аяулысың, қалаулысың.
Саған тек сену қиын
Содан ба екен,
Кеудеде мәңгі-бақи қамаулысың!..
Жүрегім, бір күн тыныш қоймайсың сен,
Жар жайлы, жолдас жайлы ойлайсың сен.
Жалықсаң жалығарсың жек көруден,
Жақсыны сүюге бір тоймайсың сен.
Қайырмасы
Жүрегім, сырлас болып келесің сен,
Жәдігөй, жылпосқа да сенесің сен.
Тасбауыр, опасыздың қылығына
Төзбейсің, жағаласып өлесің сен.
Қайырмасы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі