Абай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Абай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1195
Тауыса алмай күйін тозды-ау талай шанақ...
Қайбірін түгендерсің қалай санап?
Алдында алқалының сөз алғанда
Айтуға асығамыз Абайшалап.
Шығыстан айнам жүзі арайланып,
Əлемді келген кезде таң айналып,
Бір тілек тіршілікке білдірерде
Сөйлейміз тағы ойланып
Абай болып!
Қозғанда көкірегімде ата қайғым,
Боздаған боз далада ботадаймын.
Қазаға қайырлы сөз айтарда да
Алдымен түседі еске аты Абайдың.
Ботасы боз даланың боздамағай,
Кездескей ақ түбітін созған арай...
Тоғжандай тотыңа сыр ашарда да
Қасыңда қатар тұрар бозбала Абай!
Айрылған ажарынан боз даладай
Қоңыр күз көңіл шерін қозғамағай...
Шығады əлі талай алдымыздан
Біз түгіл,
Уақыттан озған Абай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Абай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері