Алаулап атқан таңдардың

Бұл бетте «Алаулап атқан таңдардың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1831
Алаулап атқан таңдардың
Əуенiн бар ма жалғар күн?
Əуелеп ұшқан арманның
Қанатын қайтiп қармармын?
Қайғы да салмай басыма
Қайта бiр келшi қасыма.
Қол созым жерден қол жетпей
Қор болу деген осы да.
Жадымда кайта жаңғыр да,
Жуындыр жанды жаңбырға.
Айырған екi араны
Амалым бар ма тағдырға.
Менен де өттi пенделiк,
Сенен де өттi пенделiк...
Уланған уыз сезiмдi
Уақытпен қалған емделiк.
Сырымыз бiрге, мұңымыз,
Құдайдың сүйген құлымыз.
Неше бiр дауыл соқса да
Солмағай сол бiр гүлiмiз...
Жаралы жүрек жəй ұқсын,
Аурудан таза айықсын.
Сен ғана жанға серiксiң,
Сен ғана маған лайықсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаулап атқан таңдардың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алаулап атқан таңдардың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаулап атқан таңдардың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаулап атқан таңдардың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері