Бұлбұл

Бұл бетте «Бұлбұл» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3056
Ай, жұлдыз күлім қағып нұрлы аспанда,
Қарсы алар екі ғашық сырласқанда.
Сайрайды бұлбұл әнін тамылжыта,
Көктемде алма ағаштар гүл ашқанда.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды.

Көктем кеп, тамылжыды бұлбұл әні,
Әнге ұйып, жұрт құлағын түрді бәрі.
Күн күліп, орман өсіп, арман қаулап,
Көрікті кең өлкемнің кірді сәні.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері