М....ға

Бұл бетте «М....ға» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 7304
Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы,
Толық шеке сыпаттар терең ойды.
Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,
Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды.

Кең біткен, жазық келген ақша маңдай,
Иілген қара сүрме қасы қандай!
Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі,
Қараса жанар төгіп жаққан шамдай.

Ақша бет төмлесіндеу, алқызыл түс,
Меруерт көз шағылған тізулі тіс.
Ақ бұғағы аққудың жемсауындай.
Жаратқан жаратылыс тамаша іс.

Маңдайдан тіктеп түскен пісте мұрын,
Оймақтай қызыл сырлы жұқа ерін.
Ақ мамық, қызыл шие, қара нәркес —
Үш түрмен келтіріп түр беттің нұрын.

Жібектей майда қара шашы ұзын,
Түр мен сымбат еріткен жүрек сырын.
Оқу, білім, ақыл мен әсем тұлға
Бірдей келген көрдім мен қазақ қызын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

М....ға өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

М....ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

М....ға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

М....ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері