Өлең, жыр, ақындар

Алаш ұраны

  • admin
  • 08.11.2024
  • 0
  • 10
  • 7467
Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын алаш бабамыз.
"Туысқандық", "теңдік" деп,
Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер?!
Заң жасайтын орынға,
Жұртпен бірге барамыз!
Қатардан орын аламыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз,
Алаш деген ел үшін
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын жанымыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Өлсек бірге өлдік біз.
Не жақсылық, не қайғы,
Көрсек бірге көрдік біз!
Ішкі жанжал таласты,
Күншілдікпен қарасты,
Мына жерге көмдік біз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңыңда,
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды алаш, өлмейміз!
Жасасын, алаш, жасасын!

1917 жыл



Пікірлер (10)

Айсұлу

Менің пікірім Абайдың өлеңдері керек

Бақдәулет

Мен 6 сынып оқысамда бул маған үлкен қасиет рух берді

Кәусар

Бұл өлеңді кітаптан көріп толық нұсқасың іздеп едім өлең өте күшті кәзіргі заманға керек өлең адамзаты рухтандырып қуат беретің өлеңдердің бірі

Жаксылык Айару

Оте кушти

Аноним

Супер

Аноним

Өте оңай өлең және рухты оятып жібереді екен

Аяжан

Өте жақсы,тез есте сақтауға болады екен

Алинур

оте кушты маган унады

Алинур

маган унады

Алинур

оте кушты

Пікір қалдырыңыз

Қайғы

  • 1
  • 2

Асты мұз, үсті де мұз, өзі қалың,
Ақ дария қаптаған жердің бәрін.
Көріп тұрмын «жаныңды қоймаймын» деп;
Терісінен суық желдің долданғанын.

Толық

Жүрегім, тулап шабасың

  • 1
  • 0

Жүрегім, тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың,
Уытын жайған сыртына,
Оны қайтіп жабасың?

Толық

Сарыбас

  • 1
  • 0

Жалаң бас, жалан аяқ, жыртық дамбал
Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар.
Сары үрпек, көгілжім көз, оңі жүдеу,
Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал.

Толық

Қарап көріңіз