Түрме

Бұл бетте «Түрме» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 695
Аша алмай өле-өлгенше түрме есігін,
Тербеймін таң атқанша түн бесігін.
Мен де бір,
Гүлзардағы бұлбұл да бір
Айта алмай мақтұм болған гүлге сырын.
Гүлзардың кімге керек жайнағаны?
Бұлбұлдың кімге керек сайрағаны?
Жұтынған сырты Жұмақ,
Іші Тамұқ
Түрмеден шығатұғын айла кəні?
Көңілім бір күн босаң,
Бір күн масаң,
Түн мені тұтқындайды,
Күнді ұрласам.
Аяқты адым сайын құрсаулаған
Алқаға айналады шынжыр қашан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрме өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түрме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері