Қобдиша бетіндегі сурет – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қобдиша бетіндегі сурет» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Көркің қандай, япыр-ай, көгілдір Ніл,
Аймағыңа көк мұнар төгіпсің нұр.
Жағандағы майысқан мәуелі бақ
Тамашалап бейнесін түйелі тұр.
Жапырағын кең жайған сая ағашың,
Қасиетті хұрмаға бай ағашың,
Әлемге әйгі ғажайып Пирамидаң
Көлеңкемді дей ме адам саяласын...
Қобдишамның бетінде осы сурет,
Әсерінен жыр төкті толқып жүрек.
Кім екенсің Сахара – шөл асырып,
Он саусақтан сұлу саз төккен, құдірет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобдиша бетіндегі сурет өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қобдиша бетіндегі сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобдиша бетіндегі сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қобдиша бетіндегі сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері