Хор қызы жерге түскен пейіштегі –
Нұрбек Нұржанұлы
Бұл бетте «Хор қызы жерге түскен пейіштегі» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Хор қызы жерге түскен пейіштегі,
Ақ сәулеңнен Айға айналды көр іштегі.
Қанатыңды Ібіліс кеп сындырды ма?
Нұр жүзіңнен көруші едім періштені.
Ханшайымым, жүрегімнің тағындасың,
Сарқырама — сағынышым, ағын — жасым!
Аппақ гүлім көз жасымнан суарылған,
Енді міне, басқа үйдің бағындасың.
Қарай-қарай жанарыңды жарық қылдым,
Жүре-жүре көшелерді жалықтырдым.
Аққуымды жоғалтқан сол тар көшеден,
Аққуымның көлеңкесін жолықтырдым.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі