Бұл бетте «Аққу өлді көлінде жүрегімнің» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аққу өлді көлінде жүрегімнің,
Суығына аймақтың шыдай алмай.
Сен отырсың сезімнің түре күнін,
Терезеңнің алдында жылай алмай.
Ұмыт мені, мәңгілік қош, сұлуым,
Бақытты бол дейміз-ау, бақытсызбыз.
Бөрі жүрек бүрісіп кеш ұлуын
Естимісің, Ай қызы, бақытсыз қыз?!
Кездесейік дедік те кездеспедік,
Жара жаным әлі де жазылмады.
Мені мәңгі өлтірдің жүрегіңде,
Тіпті табыт кеудеңнен табылмады.
Арманыма сенсіз-ақ жетемін де,
Сол көшеден тағы да өтемін де,
Жылап тұрып жаныңмен қарағаның
Білмеппін ғой соңғы рет екенінде.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі