Домбыра алып қолыма ахау – Құтбай Дүрбаев

Бұл бетте «Домбыра алып қолыма ахау» атты Құтбай Дүрбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Домбыра алып қолыма ахау…
Ал, сөзімді енді бастайын.
Көңілге сана тастайын.
Осы өнерді кәсіп қып,
Алып едім жастайын.
Жақсылар сізге жолығып,
Әңгімеге молығып.
Ғанибет болды, қостайын.
Жетпісті қуып желікпей,
Желдемей мінбе көлікті.
Ескілі жау ел болмас,
Езіліп құры елікпе.
Арыстанды қуып арсылдап,
Жетпісті қуып желікпе.
Біразырақ сөйлейін.
Осы отырған жақсылар,
Бекерге қарап желікпе.
Құлақ салсаң жақсылар,
Ақынның кеңес айласын,
Қош алып құлақ салыңдар.
Басыңнан бағың таймасын.
Алдарыңа келгенде,
Тасып көңілің қош ұрып,
Содан әрі қайнасын.
Құдай берген кеңесің,
Ары қарай жайнасын.
Белгілі болған әруақтар.
Гүл ашылған шарбақтар,
Бұлбұлың болып сайрасын.
Бұған тоқтау ете алмай.
Үйдегі мен сар даланы,
Жүреміз іздеп қайдасын.
Жақсыдан көңілім шат болып
Кейде көңілім ақ болып
Жер-жерден көрдік пайдасын.
Сөйткен қайран жұртымнан,
Әйтпесе жүрмей ырқыңнан.
Мына келген ақының,
Үйірді қалай айдасын?
Сөйле десең сөйлейін,
Сөйлемесіме қоймасын.
Тілегенің сөз болса,
Сөз дариясын құяйын,
Жаһанды шарлап айналсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра алып қолыма ахау өлеңінің авторы кім?

Құтбай Дүрбаев — осы өлеңнің авторы.

Домбыра алып қолыма ахау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра алып қолыма ахау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құтбай Дүрбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра алып қолыма ахау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері