Сөз басы – Құтбай Дүрбаев

Бұл бетте «Сөз басы» атты Құтбай Дүрбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 994
Сөйле тіл, өлшеулі күн демің бітпей,
Ажалға айла бар ма келсе тіктей?
Кім барар өлең айт деп өлгеннен соң?
Топырақ боп төбе-төбе жатқан көктей.
Сайраңда, сазыңды алып, сайра тілім,
Басыңнан қызық дәурен күнің өтпей,
Осындай мерекеге кез келгенде,
Тоқтай ма ақын көңілі өлеңдетпей.
Еркесі ақын елдің ерінбейді.
Ағар ма жырдан бұлақ терең кетпей.
Сөзімді көркем күймен көрсетейін,
Бәйге алған той жиыннан сәйгүліктей.
Төгемін тілден терме көңілден күй,
Иісі аңқып жаңа піскен әңгелектей.
Үнемсіз сөз маржаны қайдан тусын?
Тазартып егін өнбес, тұқым сеппей.
Қадірлі халық ақыны бола алмайды,
Талқылап халқы қалап, сыннан өтпей,
Әсерлі үн, жүрек қозған ән болмаса,
Сөз қонбас қорғасындай ойға шөкпей.
Тағы айт деп тыңдағанды тамсандырса,
Қалатын ойыңда боп естен кетпей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз басы өлеңінің авторы кім?

Құтбай Дүрбаев — осы өлеңнің авторы.

Сөз басы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз басы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құтбай Дүрбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз басы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері