Жүрек – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жүрек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1226
Бір жүрекке жабысады мың қайғы,
Бұрын-соңды кім көріпті мұндайды?
Бір жүректі шымшылайды мың бір дерт,
Шыбын жанды шырқыратып, тіл күрмеп.
Бір жүрекке ұялайды мың бір мұң,
Сырлас, мұңдас бола қалып шын құрбың.
Бір жүректе балалайды мың арман,
Көз ұшында өшіп-жанып шырағдан...
Бір жүректе тұншығады мың бір əн,
Сұлулықтан сыр тартқанда сұңғылаң.
Бір жүректе қыңсылайды мың қаншық,
Көңіл шерін көз жасымен жуғансып.
Бір жүрекке бұйырса етті бір бақыт,
Пейіштегі періштедей үн қатып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері