Мен енді айналысам бір іспенен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен енді айналысам бір іспенен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1304
Мен енді айналысам бір іспенен,
жазылар сонда, бәлкім, құрыс денем:
мен деген тілеулестер, маған арнап
ер-тұрман соқтырыңдар күмістеген!
Әуре боп жүрсем де өлең шатпағымен,
билікке таласатын жатқа күлем.
Ал өзім соңғы кезде жиі-жиі
түсімде бір керемет атқа мінем!
Білмеймін, күміс жолды Күн, шаһар ма, -
әйтеуір, жүреді екем бір сапарға.
Жиналып жатыр халық қоштасуға,
саны жоқ – жүз қатар ма, мың қатар ма.
Бәрінің жүздерінен қарайды Күн,
Күн көрсем көңілімнен тарайды мұң.
Мен тұрып ат үстінде ойлайды екем
бұларды көрмедім деп қалай бұрын.
Барлығы қарайтындай балқып маған,
желбіреп шәйі көйлегім шаң тұтпаған,
қол созған халық – жерде, мен ақбозбен
аспанға көтеріліп қалқып барам.
Үміттің тінін үзер Күн сөнбей кім,
елестер жаяулатып жүрсем кей күн.
Ендігі ғұмырымды жалғау үшін
өңімде сол жүйрікке мінсем деймін!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен енді айналысам бір іспенен өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен енді айналысам бір іспенен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен енді айналысам бір іспенен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен енді айналысам бір іспенен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері