"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау) –
Аяулым Тілеуқабыл
Бұл бетте «"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау)» атты Аяулым Тілеуқабыл жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазағымның жарқыраған жұлдызы,
Мақтанардай Сасықкөлдің ұл-қызы.
Туылыпты болыс Бекен үйінде,
Сыйлы болған әділ кісі елінде.
Тәлім алған Ғалымжандай ұстаздан,
Тұлпар болып жастайынан алға озған.
Үлгі еткен Абай ата жырларын,
Мағжан- ақын, шыңға биік қол созған.
Қазақ болған жүрегінің бар мұңы,
Сол кездегі ел-жұртының тағдыры.
Шындық үшін айыпталды ұлтшыл деп,
Солай болды зор биліктің жарлығы.
Қыран бүркіт самғар қазақ көгінде,
Орны берік поэзияның төрінде.
Кемеңгерім, асыл ақын- Мағжаным
Сенім беріп, үміт артқан еліне.
Барлық ісі үлгі болған жастарға,
Өлеңдері рух береді әр жанға.
Ұмытылмай мәңгі есет болады,
Мағжан ақын, біз сияқты жас барда...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі