"Ақиық ақынға арнау" (М.Мақатаевқа арнау) –
Аяулым Тілеуқабыл
Бұл бетте «"Ақиық ақынға арнау" (М.Мақатаевқа арнау)» атты Аяулым Тілеуқабыл жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұқағали- поэзия саңлағы,
Өлеңдері ән-жырдың шаңырағы.
Орындалса әндерің жаным жылып,
Нұрға оранған жүрегім жадырады.
Мұқағали- ақындардың дарасы,
Сыршыл жүрек, нағыз Алаш баласы.
Өзі өлсе де, өлеңдері өлмейтін,
Нағыз шебер поэзия ағасы.
Өлеңдері жарқыраған күн секілді,
Жүрегіммен сырласқан мұң секілді.
Сенімменен бойыңа күш жинатар,
Рухыңды нық көтерер үн секілді.
Жүрегімнен төгілген әр жырларым,
Қуанышты кейде мұңды сырларым.
Мұқағали өзің сынды бола алсам,
Бағындырам поэзия шыңдарын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі