Үлбіреген ерніңнен сүйіп кетем!!! –
Табиғат Абаилдаев
Бұл бетте «Үлбіреген ерніңнен сүйіп кетем!!!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанарынан жұлдыздың үзілген қыз,
Аспан кешіп келеміз ізіңнен біз.
Сіз біз үшін тым қымбат хор қызысыз,
Біз сіз үшін қап-қара тізімненбіз.
Дел-сал етіп бойымды мінеген мұң,
Мінеген мұң - мен сені тілегенмін.
Менің жаным хор қызы жай табады,
Жүрегіме жүрегің түнеген күн!
Елшісі едің ең соңғы періштенің,
Періште қыз - ең соңғы көріскенім.
Өлеңіме өлердей ғашық болсаң,
Жөн болады менімен келіскенің!
Тірілігің - қашықта, елес - аман,
Жұп қылмады Жаратқан неге саған?
Жанарыңда жұтылып кеткен күні,
(Қамалыма қамалып өле салам).
Жанары - гүл, Жүрегі - тұйық мекен,
Мәртебеңді бәрінен биіктетем.
Сүймесіңе қосылып үлгергенше,
Үлбіреген ерніңнен сүйіп кетем!!!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі