Көзіңдегі оқылмаған өлеңді…
Бұл бетте «Көзіңдегі оқылмаған өлеңді…» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсін, гүлім, әлде мені түсінбе,
Дидарыңды жүрегіме тоқығам.
Жан біткенге көрінбейтін пішінде,
Көздеріңнен өлең болып оқылам.
Өзің, гүлім – жүректегі тұнығым,
Сезімдердің шеруі де бөтендеу.
Күлкілі боп көріне ме қылығым?
…жетпейтінге «жетем» деу…
Күнім, менің паңдығымды кешіргін,
Өзгелік боп кетсең-дағы сен енді.
Өшіре сал, келсе егер өшіргің,
Көзіңдегі оқылмаған өлеңді…
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі