Екінші өмір
Бұл бетте «Екінші өмір» атты Табиғат Абаилдаев жазған өмір туралы өлең берілген.
Кейде жындай көрінер көркемің де,
Өрт өмірде болады өртенуге.
Сұрап көрді өткенім ертеңімді,
Сұрақ белгі болмайды ертеңімде.
Сынап көрді, кеткен күн сынап көрді,
Сабырыма жаратқан сынақ берді.
Гүл-өмірдің жүзінде бұлттар жүзіп,
Бір сүрініп, бір тұрып жылап келді.
Өткеніңнен жанарым түңілші бір,
Естілмейді аяулы бүгін сыбыр…
Таяп қалды қош дейтін тағы уақыт,
Аяқталды осылай бірінші өмір.
Серт беремін көңілді қалдырмасқа,
Жалыны жоқ жүректі жандырмасқа,
Екінші өмір басталды жүрегімде,
Әлем басқа, ендігі тағдыр басқа.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі