Бұл бетте «Айтпашы бірақ ешкімге…» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымды дерттей меңдеп қалсаңшы,
Сарғайған Сары Күз керім.
Еріндеріммен емдеп алсаңшы,
Жүректегі сезім іздерін.
Жасындай, сірә, сөне көрмеші,
Жарқырап тұрып кенеттен.
Ғасырға мына сене бермеші,
Өткен бе өмір електен?
Арман таңыңнан мені көрсеңші,
Жанымды тосын тылсым ғып.
Өмірді бірге келіп өрсеңші,
Саусақтарыңнан мұң сырғып.
Жүректі, шіркін, ойландырайық,
Түнімен көзін ілдірмей.
Алтыбақанды айналдырайық,
Құрбыларыңа білдірмей.
Бір жолда тағдыр түйісе қалсын,
Ғайып боп жаннан ес мүлде,
Еріндеріміз сүйісе салсын,
Айтпашы бірақ ешкімге…
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі