Өтеді де кетеді екен уақыт – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Өтеді де кетеді екен уақыт» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3050
Өтеді де кетеді екен уақыт,
Жылағанды алдарқатып, жұбатып.
Мейманасы тасқандарды жылатып,
Тауды тас қып, тозаңға оны уатып,
Өтеді де кетеді екен уақыт.
Бәрі өткінші –
Балдай бақыт, удай мұң,
Мен сондықтан сағым-бақыт қумаймын,
Мен сондықтан сұм-қайғыңа қыңбаймын.
Сыбағама тартса өмір қайсысын,
Сыйдай көрем, сыртқа теуіп тұрмаймын.
Алаламан адамға тән еншіні
Емес олар ешкім жекеменшігі.
Балдай уақыт – удай мұңның уызы,
Көздің жасы – бір дүние туысы,
Біл, жүректің перзенттері, дұрысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтеді де кетеді екен уақыт өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Өтеді де кетеді екен уақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтеді де кетеді екен уақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтеді де кетеді екен уақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері