Күз түнінде

Бұл бетте «Күз түнінде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 861
Күз түнінде
Балалар алау жағып,
Тұрды жалын
Қайыңның көзін қарып.
От жаулығын жамылып
Азар тұр ол
Қан-селі жоқ
Ерінін қыршып алып.
Біз де ылғи
Осылай шектен кетіп,
Сүйек жарып,
Сөзіміз еттен өтіп...
Жақсы көрген жаңдарды
Жүреміз ғой
Көбінесе кейітіп,
өкпелетіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері