Мұхтар Құл-Мұхаммедке

Бұл бетте «Мұхтар Құл-Мұхаммедке» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 738
Əу бастан тілегі адал, арманы ұлық
Тектіден тегін болмас қалған ұрық.
Қылаусыз қызғылт рауан шырайыңнан
Тұрады адалдығың аңғарылып.
Алланың назарына түскендейсің,
Алмұртша алабұртып піскендейсің.
Жəмшидтің нұр жалатқан кесесімен
Һайамның бал шарабын ішкендейсің.
Кіл жаңа кілеміндей түрікпеннің
Өзіңсін бітімдісі білікті ердің.
Айбозым ұрпағысың Атымтайдың,
Сұржекей сұлтанысың жігіттердің!
Шығады жүзден дара, мыңнан дана,
Екшелер дəн мен қабық қырманда да...
Түбінде берекені белден кешер
Бейілін бермен қарай бұрған ғана.
Салмақтап сан сабаздың санасына ой,
Жүре бер жұрт алдында дəл осылай.
Есін кілт жиып алып есінеуден
Десін жұрт: «Абай жақтың баласын-ай!»
Хан басы айналмаса – таққа күнə,
Бап көріп бəйге алмаса – атта кінə.
Қазақтың сендей ұлы көбейсе ғой
Шарқ ұрған шамадан тыс шақта мына!.
Айында, жүздессек те жылында бір,
Келесің жеңілдетіп жүгімді ауыр.
...Емгендей ана сүтін құлдыраңдап
Қунайды көкірегімде құлын-дəуір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар Құл-Мұхаммедке өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар Құл-Мұхаммедке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар Құл-Мұхаммедке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар Құл-Мұхаммедке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері