Біз биікте тұрамыз

Бұл бетте «Біз биікте тұрамыз» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 888
Жетелейді жолы алға,
Әкем менен анамның.
Біз ғана тек оларға,
Бар асылы ғаламның.

Жібітеді таңдайын,
Еміреніп ұл-қызын.
Дейді бізге әрдайым:
Айым, Күнім, Жұлдызым.

Биікте олар расында,
Созсаң қолың жетер ме?
Аспандағы асылға,
Теңей ме екен бекерге?

Жылуы бар қуатты,
Жетер барша үйге тең.
Күндей болып шуақты,
Күлімдесін дейді екен.

Тұрғанда түн бүркеніп,
Тіршілікте күй бөтен...
Қараңғыға нұр төгіп,
Айдай толсын дейді екен.

Мейірімнің жоқ шегі,
Бірақ, көңіл кейде кем...
Жұлдыздай боп көктегі,
Жарқырасын дейді екен.

Тілектері ізгі енді,
Тау-тасты да иіткен.
Тұрады екен біздерді,
Көргісі кеп биіктен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз биікте тұрамыз өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Біз биікте тұрамыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз биікте тұрамыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз биікте тұрамыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері