Әжемнің өзі бір мектеп – Қуат Адис

Бұл бетте «Әжемнің өзі бір мектеп» атты Қуат Адис жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 1
  • 7098
Жүзіне бүгін түсті әжім,
Ал, менің өңім тұр көктеп.
Алғашқы менің ұстазым –
Әжемнің өзі – бір мектеп.

Жүрегі жұмсақ, алайда
Сөзінің өткір қияғы.
Әбестік көрсе қандай да,
«Тәйт» деген сөзбен тыяды.

– Ырымға қазақ бай халық,
Содан да елден ерекпіз.
Адам бар үйді айналып,
Жүгірме дейді себепсіз.

Жасалар туыс, досқа арнап,
Жөнімен бәрі сый-кәдең…
Құлашты жайып қос қолдап,
«Босаға керме!» – дейді әжем.

Болса да білгір кім мейлі,
Пайда жоқ сөзден құр дәмді.
Жаратпай әжем тілдейді,
Табалдырыққа тұрғанды.

Ниетің болса болғаны,
Ісінде әрбір бар үлгі.
Ырымға жаман ол-дағы,
Таянба дейді жағыңды.

Ақылын тағы бастайды,
Есейдік десек біз енді…
Одан да тиып тастайды –
Отырсаң құшып тізеңді.

Жеңіңе жүрме тас тығып,
Халықта тылсым бар кие.
Ырымның түбі – жақсылық,
Тыйымның түбі – тәрбие.

Жаманнан мені тыйғасын,
Жүремін ылғи құрметтеп.
Үйреткен әдеп-ибасын,
Әжемнің өзі – бір мектеп.


Пікірлер (1)

Алма

Қуат Адистің «Әжемнің өзі бір мектеп» өлеңі жүрекке жылы тиеді әрі терең мағыналы. Бұл өлеңде әженің ақыл‑кеңесі мен тәрбиесі жеке өмір мектебі ретінде көрсетіліп, қазақтың ұлттық тәрбие жүйесі, әдеп‑ибасы мен адамгершілік құндылықтары әдемі поэтикалық тілмен баяндалған. «Әжемнің өзі бір мектеп» мәтіні қазақ поэзиясындағы адамгершілік, отбасы тәрбиесі мен ұлттық дәстүрлерді түсінуге көмектеседі және оқырманға терең әсер қалдырады. Мұндай шығармалар қазақ әдебиеті мен мектеп тәрбиесі туралы ойлануға шақырады және жүрек лирикасы арқылы ұрпаққа өнеге береді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әжемнің өзі бір мектеп өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Әжемнің өзі бір мектеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әжемнің өзі бір мектеп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әжемнің өзі бір мектеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері