Неге тудым – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Неге тудым» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1549
Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,
Әлі де оның шетін кермей жүрген.
Жарыққа шыр еткенде сор шеңгелдеп,
Анамды жұтты ажал, қорлық көр деп.
Содан бері қабағым бір ашылмай,
Қайғыдан келатырмын қайғыға өрлеп.
Туған күннен төсегім шоқпыт болды,
Көрген күнім үнемі жоқтық болды.
Мен сықылды балалар әкесі бар,
Туғаннан бүгінге ше тоқтық көрді.
Ертелі-кеш күн кештім тамақ аңдып,
Нан іздеп ойға, қырға жүрмін қаңғып.
Кезсем де бақыт іздеп әр ауылды,
Түрім жоқ, сірә, адам бола аларлық.
Бай баласын сүйгенде шешелері,
Жүрегім суық мұзға төселеді:
Менің де сондай сүйер шешем болса,
Көңілім қандай шалқып өсер еді!
Бұл қалыппен өткізіп біраз жылды,
Көріме алып кірермін қайғы, мұңды.
Бар ләззатым: бейшара қабіріме,
Отырып бұлбұл сайрар жазғытұрғы.

1917


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге тудым өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Неге тудым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге тудым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге тудым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері