Кешіккен көктем – Қуат Адис

Бұл бетте «Кешіккен көктем» атты Қуат Адис жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 0
  • 1867
Сәуір туды, көкек құс келмеді әлі,
Күтетін сұрша құсты елде бәрі...
Қасат қардан қылаудай қалмаса да,
Көктен күннің жетпей тұр жерге нәрі.

Көктемнің жарқ етпесе ай қабағы,
Жаның қалай шуақсыз жай табады?!
Қыс етегін ұстаған күн ызғары,
Қабағынан көршінің байқалады.

Мейірін жатыр күннің аңсап дала,
Көктем жайлы салмайды ән шаттана.
Шешпеген малақайын басындағы,
Қозысын құшақтаған малсақ бала.

Таппайсың гүл көктемге жарасты мән,
(Қалайша табиғатпен талас қылам?!)
Албардағы арыған күрең қасқа,
Тебініп шөп іздейді қар астынан.

Қыстан шықпай жанымның жапырағы,
Қалтырайды кеудемде, аһ ұрады.
Белағашқа қонақтап қызыл әтеш,
Өңеш созып көктемді шақырады.

Көрінбейді көктегі адасқан күн,
Сөгілмейді пердесі боз аспанның.
Сәуірде сәукелесін сала алмаған,
Бұтақтары арса-арса ағаш-талдың.

Өмір сірә, бола ма нұрсыз мәнді?!
Үйге қуды сыздаған бұлт ызғарлы.
...Балаларым мойыныма асылғанда,
Көңілімнің көктемі бүршік жарды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіккен көктем өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Кешіккен көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіккен көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кешіккен көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері