Тауда – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Тауда» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 10523
Мен бір шал тоқсан жасты құрдас еткен,
Тайғанап жүре алмаймын қия беттен.
Ел кезбей атқа мінбей, араламай,
Жатамын үйде тыныш сол себептен.
Бұл кезде белім бүкір, көзім бұлдыр,
Белге алып шыға алмайды тізе құрғыр;
Құлағым қаңылтырмен қаптағандай,
Ел сөзін естімейді қаңғыр-күңгір.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері