Еркелейiн – Құралай Омар

Бұл бетте «Еркелейiн» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Келшi, жаным, аңсарым, сағындырмай,
Құшағыңда жанайын, өртенейiн.
Сағыныштан сарғайған жаным бiр жай
Тауып, саған, арманым, еркелейiн.
Еркелейiн, балқиын құшағыңда,
Жалынына сезiмнiң ерiп кетiп.
Махаббаттың шешейiк тұсауын да,
Қоймайық, жiберейiк ерiктi етiп.
Еркелейiн, ұмытып қайғы-мұңды,
Ләззатына батайын өмiрдiң бұл.
Керек қылмайм жұлдыз бен Ай, Күнiңдi,
Сен қасымда болғанда көңiлiм гүл.
Кеш пе, мейлiң, келшi тез, ерте мейлiң,
Төзiмiм мүлде менiң жетер емес.
Елiгiндей Алтайдың еркелейiн,
Наздануым өзiңе бекер емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркелейiн өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Еркелейiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркелейiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркелейiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері