Махаббатым – әнім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Махаббатым – әнім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2966
Әнін жазған Ренат Ғайсин

Махаббат – әсем әнім менің,
Әсем әнім менің – махаббат.
Қарақат көздеріңнен сенің
Шашылады шуақ шапағат,
Махаббат – әсем әнім менің.
Қиялымсың,
Күй-әнімсің.
Шыңдағы дара
Шалқыған шынарымсың.

Қайырмасы:
Арайлы алтын таңдарда
Сенен артық жан бар ма?
Аяулым менің,
Арайлым менің
Айналдың ән-арманға.

Мынау алтын таңдарда
Сенен артық жан бар ма?
Аяулым, әнім,
Асылым, жарым,
Айналдың ән арманға.
Арманымсың,
Жан жарымсың
Жалғанда.

Сен ғана – махаббатым әнім,
Махаббатым әнім – сен ғана.
Қызықты өмірімнің мәнін
Сен деп ұқтым, жаным, мен жаңа,
Сен ғана – махаббатым әнім.
Тебірендім,
Емірендім.
Өмірлік сенің
Әнің боп төгілемін.

Қайырмасы:

Мынау алтын таңдарда
Сенен артық жан бар ма?
Аяулым, әнім,
Асылым, жарым,
Айналдың ән-арманға.
Арманымсың,
Жан жарымсың
Жалғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббатым – әнім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Махаббатым – әнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббатым – әнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббатым – әнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері