Күзгі көңіл – Қуат Адис

Бұл бетте «Күзгі көңіл» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 0
  • 1717
Көлегейлеп Күн нұрын,
Аспанның да қабағы қатуланып тұр бүгін.
Түрер оның желіккен жел түндігін...
Жұбатады ал, бірақ
Сабағына басын сүйеп жылап тұрған Гүлді кім?
Ауысқанда ауадағы ағыстар,
Бүрсеңдейді қанаттылар – таныс хал...
Қаусап қалған қара талдың басынан да бағы ұшқан.
Ал, адамдар бағыттары беймәлім –
Жапырақтарды жаншып кетіп барады
Бірі-бірімен жарысқан...
Естімейтін дүниені дүрбелең,
Ызыңдаған бағаналар тұр керең...
Көк пен жердің арасында дірілдеп,
Өмір жайлы өлең тұр тек өлмеген...
Көргендерім:
Жанарымның ішіндегі сурет екен сүреңсіз
Көңіліме үңілсем –
Ән салып тұр мәңгі Көктем бүрлеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі көңіл өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Күзгі көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері