Фаризаға – Рысты Шотбаева

Бұл бетте «Фаризаға» атты Рысты Шотбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 626
Алмас қылыш жарқылдаған жүзі бар,
Тасқа түскен тұлпарлардай ізі бар.
Қазағымның 20-шы ғасырда
Фариза атты әйгілі ақын қызы бар.
Өзге емес өзіндік бір үні бар,
Өз сипаты, өз бояуы түрі бар.
Кең даланы кернеп кеткен жыры бар,
Фариза атты жырдың жалқы пірі бар.
Тура мінез, теріс ойға бармаған,
Егестерде қатарынан қалмаған.
Ақындықтың дауылынан сескенбей,
Шартарапта шағала боп шарлаған
Фариза атты қызы бар.
Әдеп пенен әділеттен нәр алған,
Санасында сарғайса да сан арман.
Тағдырына тарту етіп сыйлаған
бұл өмірге өлең үшін жаралған
Фариза атты қызы бар.
Толысқан шақ ақыл менен санамыз,
Тағдыры да, талғамы да дара қыз.
Фаризашым, құлыным деп, жаным деп,
Осы тойға келген шығар анаңыз.
Арман таудай шыңы болса өлеңнің,
Оның атын Фариза - шың қояйық.
Қош иісті гүлі болса өлеңнің,
Оның атын Фариза-гүл қояйық.
Жарық құяр нұры болса өлеңнің,
Оның атын Фариза-нұр қояйық.
Жан жүректі жарып шыққан жыр болса,
Оның атын Фариза-жыр қояйық.
Тау бұлақтай құйған жырың еселер,
Алуан-алуан жүйріктер бар нешелер.
Жан біткенді жақсы жырмен суарып,
Фаризажан, ортамызда өсе бер!

Ақмола. Қыркүйек 1990 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фаризаға өлеңінің авторы кім?

Рысты Шотбаева — осы өлеңнің авторы.

Фаризаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фаризаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Рысты Шотбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фаризаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар