Өлең, жыр, ақындар

Рысты Шотбаева

Рысты Шотбаева (1928–1994) — 10 маусымда Ақмола облысы Көркейту ауылында туған.

Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін Ақмола қаласында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын курста мұғалім болады. Осымен бір мезетте Ақмола педучилищесінде оқып, оны соғыстан кейін бітіреді. Ақмола облысы, Ерейментау ауданында мұғалім болады, кейіннен Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сырттай оқып бітіреді.

1958 жылдан облыстық және республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде поэмалары, әңгімелері, пьесалары, сондай-ақ балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері жарық көре бастайды. Пьесалары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шымкент, Павлодар облыстық театрларының репертуарларынан орын алған.

Шығармалары: Ереймен етегінде. Поэмалар. А., «Жазушы», 1973; Нұра – бақыт өзені. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Толқынды Нұра. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983.


Қарап көріңіз