Ақырғы сәт – Жанғали Набиуллин

Бұл бетте «Ақырғы сәт» атты Жанғали Набиуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2783
Шағын ғана ауылда Шаған атты
Күрсіндіріп ет-бауыр жамағатты,
Тоқсан бірге қараған мезгілінде
Бір сыйлы адам көз жұмып бара жатты.
Жарлы емес-ақ жарықтық ағайынға,
Отыр қоршап бәрі де маңайында.
Қайратты еді, дерт жеңіп барады тек
Кәрияның бір ақ жоқ самайында.
Болған аулақ ың-шыңнан биік кісің
Сағынды ма сүйріктей сүйіктісін,
Бәйбішесін алпыс жыл отасқан бір
Шақырды ымдап, ең соңғы жиып күшін.
Қайыспаған тірліктің көп жүгіне,
Кім білсін, бұл төзімнің өксігі ме?
Бірақ сөйлей алмады, сәл ышқынып,
Басы құлап кетті құс көпшігіне...
Елес болып өтетін күндер кейпін
Ешкімде де ниет жоқ тілдер дейтін.
Тек сұмдық-ау алпыс жыл бірге тұрып,
Сөз болғаны бір айтып үлгермейтін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақырғы сәт өлеңінің авторы кім?

Жанғали Набиуллин — осы өлеңнің авторы.

Ақырғы сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақырғы сәт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанғали Набиуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақырғы сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері