Төңіректі тұрғандай бір зіл басып – Жанғали Набиуллин

Бұл бетте «Төңіректі тұрғандай бір зіл басып» атты Жанғали Набиуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2759
Төңіректі тұрғандай бір зіл басып,
Отырсың сен жалғыздықпен мұңдасып.
Жәудіреген жанарыңды түн торып,
Үміттер мен күдіктерің жымдасып.
Дәурен қайда жүретұғын сән құрып?
Дәурен қайда тұратұғын таң күліп?
Ұзақ жылдар мұң жұтып та шыдарсың,
Бірақ шыдау мүмкін емес мәңгілік.
Тоқтамдардың таңдап тауып бекемін,
Толтыр босқа өткен күндер өтемін!
Мұңнан солай құтқара алсаң өзіңді,
Біл мені де құтқарғаның екенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төңіректі тұрғандай бір зіл басып өлеңінің авторы кім?

Жанғали Набиуллин — осы өлеңнің авторы.

Төңіректі тұрғандай бір зіл басып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төңіректі тұрғандай бір зіл басып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанғали Набиуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төңіректі тұрғандай бір зіл басып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері