Дискомфорт – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дискомфорт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Көңілім алай-дүлей,
Ала-құла...
Ит құмар балтырыма, балағыма.
Қаңтарып қалың ойды отырғанда,
Қан ұйып қалмас па екен қаламыма?..
Күндердің бірі қаңтар,
Бірі шілде...
Төрт мезгіл төбелесіп жүр ішімде!
Қағілез бала кездер,
Қара көздер
Қағады есігімді түн ішінде...
Құдай-ау, не жетпейді?
Не жетпейді?
Қу жаным неге сонша безектейді?
Жаһанды жамбасына басып алған
Мына түн неге ғана тез өтпейді?
Сұрама сұрқай кешті күндіз менен,
Күн барда көріне ме жұлдыз деген?
Жасай бер жалған дүние,
Ақындарын
Жылатқан,
Жұбатпаған,
Күлгізбеген!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дискомфорт өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Дискомфорт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дискомфорт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дискомфорт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар