Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында!
Қалбаң қаққан не дерсің қарға сұмға?
Қайран көктем, қайран жаз, сайраны өтіп,
Қара жердің шіріген жамбасында!..
Тəңірінің тəрізді тас қамалы
Қабарып тұр бұлттың қас-қабағы.
Сəні кетті-ау сəусілдек сəмбінің де
Сары лыпасын сыпырып тастағалы.
Алды-артына алаңдап қарамастан
Сары лыпаны кім екен ала қашқан?
Бұлдырланып Күн көзі бұлт ішінде,
Дір-дір қағып жаурап тұр жалаңаш тал.
Жалаңаш тал – жас сұлу,
Күлкілі өңі...
Тəңір атқан тал түсте бұл кім еді?
Жамыратқан күн кеше жапырағын
Жан-денесін Жантық-жел тінтінеді.
Бір жапырақ қалмапты-ау тал ұшында!
Жас денеге Жантық-жел жабысуда.
Дəрмені жоқ, əлі жоқ алысуға,
Амал қанша, кетіп тұр салы суға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір жапырақ қалмапты-ау тал басында! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері