Қаламдастың әзіл-шыны

Бұл бетте «Қаламдастың әзіл-шыны» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Жаппар деп қойған екен атынды ерек,
Еректік мәнісін сен білсең керек.
Өмірбек әулетінен сыйынғанның
Келесің пірі болып жебеп-желеп.
Пәндаға бұдан артық бақыт бар ма?
Сонымен теңелмей ме бақыты зорға
Не дейін зорсың демей бұған қоса,
Сөйлетіп сүйрік қалам алсаң қолға.
Қағілез өзің жұқа қамыстайсың,
Сөйлесең, қалыңдардан қалыспайсың
Жырлаған кеше Мәди, Қарқаралы
Көтерген бүгін ту ғып намыстайсың.
Қалтақтап жүріп астың сегіз асқар,
Тоқтама ғасырға да бет қой, қасқар.
Саралап соз маржанын терең бойла
Әлі де сен актарар гауһар тас бар.
Қаймықпа нарықтан сен, қорқа соқпа,
Ұқсама табанының бүрі жоққа.
Жымырған жымда құлақ қыли болмай
Бір ауық жыр садағын Бұқарша оқта.
Халықпен ажыраспас ойы, сөзі,
Мұқтаж-ақ бүгін елің Бұқарға өзі.
Қорықпа үш әріптен, үрейленбе
Жүрегіңді шайлықтырған сонау кезгі.
Ал мынау мерейтойың құтты болсын.
Ардагерлер алқасының ісі де оңсын.
Жебейтін сыйынғанды Жаппарсың ғой,
Бақ түнеп аймағыңа қызыр қонсын.
Бұқар бол деп жүктедім міндет саған,
Ақын ба, азамат па мұны ұқпаған.
Көмегі тисін деген тілекпенен
Сыйладым мірдің оғы — алтын қалам.

22.01.2001 жыл. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаламдастың әзіл-шыны өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қаламдастың әзіл-шыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаламдастың әзіл-шыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаламдастың әзіл-шыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері