Мен бір қызық адаммын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен бір қызық адаммын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 2
  • 36866
Мен бір қызық адаммын:
қатал тағдыр сілкілеп мың сынаған,
құлап-тұрып, сонда да тыншымаған.
Жұртқа деген ызадан булыққанда,
сені орынсыз азаптап ұрсып алам.
Сен асқақсың - білемін.
Маған ғана иіліп кішіресің
(иілу де бұл күнде кісіге сын).
Қуаныштың мен үшін не екенін
бұл жалғанда сен ғана түсінесің.
Жыр жазбасам, жабығам,
онысыз маған дүние жел өтіндей,
жұрт ұқпайды - жүрем мен неге күлмей.
Ал сен болсаң, қайрайсың, құлшынтасың,
содан саған бір пайда келетіндей.
Жандар көп қой
жанашырсып жүретін көтермелеп...
жанымдасың, болғанмен мекен бөлек.
О, мен кейде қорқамын көп ішінде
жалғыздықтан жарылып кетем бе деп...
Мен өзгенің көзіне
асқақтаған адуын, мұңсыздаймын,
ұқпайды олар - көзімде тұнсын қайғым.
Жыласам да, күлсем де мен, әйтеуір,
сенің ғана алдыңда қымсынбаймын.
Сен жақынсың жаныма,
мейлің тіпті менімен күн-түн егес,
өзгелермен күлгенім - күлкі де емес.
Дос көп болсын деседі-ау. Сендей достың
көп болуы адамда мүмкін емес...


Пікірлер (2)

Акмарал

Олен не жайлы жазылган, кимге арналган?

Нарзулла Нұрмухаммед

Рахмет маған көп пайдасы тиді. Өлең толық берілгені жақсы болды

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бір қызық адаммын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен бір қызық адаммын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бір қызық адаммын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бір қызық адаммын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері