Осылай міне таң атқан...
- 1
- 0
Осылай міне таң атқан
Дұға етем Тəңір Жаратқан
Басталады тағы да
Жаңа өмір таза парақтан...
Бұл бетте «Туған жерім-тұғырым» атты dilnazserikbai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осылай міне таң атқан
Дұға етем Тəңір Жаратқан
Басталады тағы да
Жаңа өмір таза парақтан...
Ішімде жеткілікті қаншама мұң
Көздегі тамшыменен ұғындырдым
Сынаудың керегі жоқ мына мені
Бостан босқа жоғалар сенің құның
Бірлігіміз жүрсе екен тарқамай
Шыңдарында болар едік сан талай
Болашақтың кілті мына біздерде
Биіктерде болар едік сан талай
Қадірлі дос, ақылымды сəл тыңда!
Басқаша ойлап мына менен тартынба!
Қыз жігіт боп күнə байлап жүргенше
Үйленсін ол адал болған қалпыңда!
Еске түскен сонау бір жанарлардан
Шоқ көремін ешқашан жана алмаған
Сезімін көрсем дағы байқамаспын
Көңілімде соқыр жаңбыр манаураған
Болса да қу түлкідей, заман қарға,
Сенім мейлі кете берсін адамдарға
"ҚАРЫНДАСЫМ" деп мені сыйлайтұғын
Қуанамын өзіңіздей ағам барда!
Aii
Кімнің өлеңі?