Бұл бетте «Атқан таңым» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атқан таңым, шыққан
Күнім, туған - Ай,
Сендер барда
Мен болмаспын қу мандай.
Әппақ нұрым,
Соққан самал,
Кеңестік,
Мені әлдилеп
Алақанда баққандай.
Аспан,
Жерім,
Теңіз,
Тау мен,
Орманым-
Құшағында өмір сүру - Арманым.
Ұшқан құсқа,
Жүгірген аң,
Балыққа
Тиіскенім - жоқ, дей алмас,
Ар, жаным!
Ата көрген,
Әке - баққан-Ұлыңмын
Егін салып, шөбін ордық - қырыңның
Әже - сырын, Ана - жырын
Тыңдаған
Қайталанбас өмірдегі - бір үнмін!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі