Жекеменшікке талпыну – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жекеменшікке талпыну» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 6242
Сүйе алмаймын -
сүйгім келіп тұрса да есім кетіп
(мейлің мені сол үшін кешірме түк),
болмағандай ештеңе барасың ғой,
аласұрып келесің несін жетіп?
Көрген жерден -
аймалайсың алқынып, құлап-талып,
есімді алып үздігіп, сыр ақтарып.
Ал мен болсам, шығарып салған сайын
тұрам қимай ұзатып, жылап қалып...
Еркелегім келеді -
рахаттан сонда сен қалғыр едің,
бірге атқызғым келеді таңды менің.
Қазір тағы кетеді-ау деген ойдан
мұздап қоя береді жан-жүрегім.
Содан, содан қаламын
бар жаныммен алдыңда ашыла алмай,
тілеп тұрып - мойныңа асыла алмай.
Жекеменшік аңсайды көңіл-сайқал,
содан барлық желігі басылардай.
Мен салқындау көрінсем -
жарқылдауға жанарға жақұт қонып,
сені күтіп шаршадым, уақыт соғып...
Несіне ендің қиындау тағдырыма
қайғы болып, жартылай бақыт болып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жекеменшікке талпыну өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жекеменшікке талпыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жекеменшікке талпыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жекеменшікке талпыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар