Налып келдің соншалық, тұнжырадың – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Налып келдің соншалық, тұнжырадың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 5018
Налып келдің соншалық, тұнжырадың
өсегімен біреулердің.
Мен де өзіңмен қосыла қынжыламын,
мұндайда жүдеулеумін.
Қабағыңнан -
менен артып жан ұққан ба! -
іздеймін күлкі таңын.
Табынарым - сен бүлай жабыққанда,
мен кімді пір тұтамын...
Жақсылықтың бәрінен түңілмеші
бір-екі жаман үшін.
Қайғы қылдың, жаным-ау, мұның несін,
болмаса жалаң ісің?!
Түңілер сәт шындықтан өтер кенде,
өшетін үміт, сенім...
Бірақ өмір шарт мінез. Көтермейді
күйректігін жігіттердің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Налып келдің соншалық, тұнжырадың өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Налып келдің соншалық, тұнжырадың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Налып келдің соншалық, тұнжырадың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Налып келдің соншалық, тұнжырадың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері