Ескі әуен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ескі әуен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Жетпісің жер екен ғой мына тұрған,
Жол десем жоннан аса шұбатылған.
Ойдағың арман болып қалады екен,
Бойдағы айрылған соң қуатыңнан.
Жепіс бес жер екен ғой таяқ тастам,
Адымың кері кетер, аяқ бассаң.
Басыңнан шіркін дəурен өтер бір күн,
Жеріңнен ұйықтап жатқан оятпастан.
Сексенің жасым ба еді жетем деген,
Бойдағы борыш қанша өтелмеген?..
Жантайып жатыс мынау төрді бермей,
Жар басын жапалақтай мекендеген.
Сексен бес жасым ба еді көрем деген,
Не қалды ескірмеген, көнермеген?
Қуарған қу ағаштай түрім мынау,
Көктем мен жаз келсе де көгермеген.
Тоқсанда тозады екен бордай бойың,
Басыңнан бал-бұл ұшып орда ойларың.
Айналып үй ішінен шыға алмайсың,
Топ етіп торға түскен торғайдайын.
Тоқсан бес төбе екен ғой тобықтайын,
Қалайша төбе екен деп қорықпайын?
Құрдымға құз басынан құлайтындай
Қарадай қалтырайды тоңып бойың.
Қол жетпес құзар шың ғой Жүз дегенің,
Қат-қабат мұзартындай мұз дененің!
Аңыз ба,
Ақиқат па,
Арғысының
Білмейміз, Хақ болмаса, біз дерегін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі әуен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ескі әуен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі әуен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі әуен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері