Алдарқатып көңілді күн күледі – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Алдарқатып көңілді күн күледі» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алдарқатып көңілді күн күледі,
Сүйрелейді тереңге мұң түнегі.
Аярлығын көргенде дүниенің,
Көкіректе көп шындық іркіледі.

Байыз таппай кей шақта, жаным мүлде,
Сіңіп бара жатамын сағым күнге.
Мынау тірлік тырбаңы қажытқанда,
Қалмағанын сеземін сабыр мүлде.

Жақсы көрем, біреуді жек көремін,
Жүрек мына іздеген көктен емін.
Ізгіліктің жалғыз тал дәнін тауып,
Жанымның бақшасына еккен едім.

Сағынышқа батырып санамызды,
Қоңыр күймен тербетер дала бізді.
Қарлығаш қанатындай қайран өмір,
Ала берме қырыңа қара қызды…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдарқатып көңілді күн күледі өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Алдарқатып көңілді күн күледі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдарқатып көңілді күн күледі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдарқатып көңілді күн күледі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері