Өлең, жыр, ақындар

Кезек

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 731
Нені алсаң да, алу керек кезекпен,
Кезек күтпес, уақыт қандай тез өткен?
Енді біреу жолын тауып кезексіз,
Алып жатыр, сөзі өткен, өзі өктем.
Кезек керек, кезек керек қайда да,
Қатарға кеп кезегің күт жай ғана.
Әділетпен кезек күтсең жетесің,
Үй тұрмақ сен, аспандағы айға да.
Қайда барсаң, безектейтін «кезек» - деп,
Кезексіз-ақ алып кетер өзі ептеп.
Өкініштен өртенеді өзегің.
Бос қайтқанға, бар жігерің тезек боп.
Ешкім сенің жайыңды жоқ сөз еткен,
Кімді жеңем, ашуымды кезеп мен.
Өзге түгіл өлім менен өмірге,
Келіп жатыр, кетіп жатыр кезекпен...
Алып жатыр кімдер қалай, сеземін,
Өмір солай болғаннан соң төземін.
Аспандағы қол созамын жұлдызға,
Түбінде бір келеді-ау деп кезегім.
Кезек күтіп келеді екен әр маусым,
Кезек күтіп шегеді екен арман-шың.
Кезегіңді алып кетсе әлдекім,
Ашынғаннан шығады екен жан дауысың.
Кезек күтіп сарқылады бар күшің,
Кезек ұрлар өміріңнің жартысын.
Көрем десең кезекке тұр, кезекке,
Әділет пен жалғандықтың тартысын.
Соның бәрін сеземін, мен сеземін,
Көңілімнің табар жылы сөз емін.
Ғашық болып бір ғасырға бір ғасыр,
Береді екен есік ашып кезегін.
Әртүрлі ойлар келеді екен көңілге,
Әділетті көре алмай бір өңімде.
Не айтарымды білмей тұрам,
келген бір –
Кезегімді бермей кеткен өмірге...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қапшағай теңізі

  • 0
  • 0

Сәлем бердім, туған жер, әр күні арман,
Сәлем бердім, баба жұрт, жақсы ағайын.
Табиғаттан дәуірім тартып алған,
Жетісудың теңізі – Қапшағайым!

Толық

Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің

  • 0
  • 0

Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің,
Кешір, күнім, кеш те болса, ұғындым.
Барлық жанға түсіргім кеп сәулесін,
Жүрегімді қолыма ұстап жүгірдім...

Толық

Қартайдым деп қайғырма, анам

  • 0
  • 0

Қартайдым деп қайғырма, анам,
Жаз күніне жай қарап.
Жыл қымтаған, ай ұрлаған
Жастығыңды – өткен сонау

Толық